Accessibility links

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі: Талдықорған диспансеріндегі өрттен 37 адам қаза болған


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған нақтыланған мәліметтер бойынша, Талдықорғандағы наркологиялық диспансердің емдеу-сауықтыру ғимаратында жексенбі күні болған өрттен 37 адам құрбан болған, 14-і ауруханаға түскен, өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрді шарпыған.

Ғимарат қыркүйектің 13-і күні таңсәріде өртенген. Өрт шыққан уақытта емдеу мекемесінде 72 адам болған екен. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішіндегі науқастар терезенің әйнегін шағып, сыртын құрсаған темір торды сындырып шығып, тірі қалған.

150 орынға арналған бір қабатты наркологиялық диспансердің ғимараты 1951 жылы салынған.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен өрттің шығу себептері мен құрбандар санын анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды, бұл комиссияның шешімімен өрттен қаза болғандардың отбасыларына марқұмдарды жерлеу үшін материалдық көмек көрсетілетін болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG