Accessibility links

Бакуде газ саласына арналған халықаралық конференция басталады


Бүгін Бакуде «Әлемдік газ саласының Каспий аймағындағы инфрақұрылымы — 2009» (Gas Infrastructure World Caspian 2009) атты халықаралық конференция басталады.

Екі күндік жиын барысында Каспий аймағы газ индустриясының дамуы мен әлемдік газ нарығы реформасының аталған аймаққа ықпалы, газ саласындағы үкіметаралық ынтымақтастық, Каспийдің газ саласындағы ірі жобаларын инвестицияландыру, сатып алу мен тасымалдай сияқты көптеген мәселелер талқыға түспек.

Конференцияға қатысушылар сондай-ақ Nabucco, Транскаспий және Трансадриатикалық газ құбырлары желілері жайын да сөз етпек.

Әзірбайжанда тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл конференцияға халықаралық энергетикалық қауымдастықтың өкілдері мен мүдделі мемлекеттердің энергетика ведомстволарының басшылары қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG