Accessibility links

«Әл-Қаида» жетекшісі Америка халқына үндеу жолдады


«Әл-Қаида» жетекшісі Усама бен Ладен «Американ халқына» деп аталатын жаңа аудиоүндеуін жолдады.

11-қыркүйек оқиғасына сегіз жыл толғаннан бірнеше күннен кейін бен Ладен жақтастарының бірі пайдаланатын интернет сайттардың бірінде жарияланған аудиожазбадағы үндеуде Ирак пен Ауғанстандағы соғысты тоқтатуға дәрменсіздік танытып отыр деп АҚШ президенті Барак Обаманы кінәлаған.

Мұның алдындағы үндеуінде Усама бен Ладен Барак Обаманы мұсылмандардың Америкаға жеккөрінішін тудырып отыр деп айыптаған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG