Accessibility links

Қырғызстан азаматы есірткімен ұсталды


Қазақстандық шекарашылар 370 килограмм марихуана тасымалдаушы Қырғызстан азаматын қолға түсірді, — деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Өткен жексенбіде «Аспара» шекара заставасының аумағында Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментінің Тараз шекара отрядының қызметкерлері есірткі заттарын дайындаумен айналысқан Қырғызстан азаматын ұстап алды, одан 370 килограмм марихуана тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG