Accessibility links

«Нұр Отан» Назарбаевтың өмір бойғы президенттігін қарастыратын «Ұлт көшбасшысы туралы» заңды ұсынбақшы


Қазақстан президенті басқаратын «Нұр Отан» ХДП Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойғы президенттігі мәртебесін бекіту заңнамасын ұсынуда.

Бұл туралы хабарлаған «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев: «ҚР Тұңғыш Президенті туралы» заңның аясында «Ұлттың көшбасшысы туралы» Конституциялық заңды қабылдау туралы ұсынысты сарапшылармен бірге талқылауды ұсынамыз. Онда мемлекет басшысының мәртебесіне қатысты барлық жайттар қарастырылады, соның ішінде өмір бойғы президенттік мәселесінің заңдық нормаларын да бекітуге болады», — деді.

ХДП төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, бұл туралы ұсыныс төменнен түсіп жатқандықтан қолдауға ие.

«Бірақ оны кең ауқымды мағынада қарастыру қажет. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бүгінгі басшысы ғана емес, ол елдің, ұлттың, халықтың көшбасшысы екені ақиқат. Сондықтан мұндай контекстегі мәселе оның өмір бойғы президенттігі мәселесімен шектелмеуі қажет», — деді Д. Қалетаев.
XS
SM
MD
LG