Accessibility links

Павлодар соты Ресей азаматын 17 жылға соттады


Павлодардың облыстық соты Қазақстан шекарасы арқылы ірі көлемде героин алып өтпекші болған Ресей азаматына 17 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды.

Облыстық соттың тарихында алғаш рет мемлекеттік айыптаушы бұл сотталушыға өмір бойғы түрме жазасын сұрап еді, сот төрешісі 17 жылға бас бостандығын айырумен шектелді.

Өзбекстаннан Новосибирскіге транзитті көлікпен жол шеккен 50 жастағы ресейлік осы жылдың мамыр айында қолға түскен еді. Иісшіл ит оның көлігінде жасырылған 4 килограмм героинді тауып алған.

Сотталушының өзі көлігіндегі жасырылған есірткінің барын білмегенін айтып, ешқашан заң бұзбағанын жеткізді.

Бірақ сот барлық айыптауларды негізді деп санап, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы — есірткінің заңсыз тасымалдау мен ірі көлемдегі есірткіні сату бойынша шешім шығарды.

Бірақ сотталушы үкіммен келіспейтіндігін айтып отыр, енді ол сотқа қайта шағымданбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG