Accessibility links

Қазақстанның Ирандағы елшісі екі елдің арасында әуе хабарламасын ашу қажет деп есептейді


Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемов екі елдің арасында әуе хабарламасын ашу қажет деп есептейді. Бұл туралы ол Иран президентi Махмұд Ахмадинежадқа сенім грамотасын тапсыру салтанаты барысында айтты, — деп хабарлайды ҚР елшілігі.

«Нұрбах Рүстемов Алматы мен Теһранның арасында тұрақты әуе хабарламасын ашу мәселесін маңызды басымдылық ретінде атап көрсетті», — делінген елшілік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ елші өзінің миссиясы экономикалық және ғылыми-мәдени байланыстардың нығаюына бағытталатынын айтып, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы мен транспорт транзиттік салалардағы біріккен жобалардың жүзеге асуына сенімділік білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG