Accessibility links

Пәкістанда «Әл Қаидаға» қатысы бар деген күдікпен бір кісі тұтқындалды


Жергілікті полиция оңтүстік Пәкістанда ұсталған күдіктіні бұрын АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінде тұтқында болған адам деп мәлімдеп отыр.

Дера Гази-Хан қаласының полиция бастығы Мұхаммад Ризванның хабарлауынша, күдікті Мехди-Мұхаммед Гезали «өте қауіпті адам». Ол өткен айда Дера Гази-Хан қаласының маңыда 7 түрік және 3 швед азаматымен бірге тұтқынға алынған. Ұсталғандардың құжаттарында иммиграциялық белгілері болмаған.

Тап осы күдіктімен аттас Швеция азаматы 2001 жылы Пәкістанда ұсталған және екі жыл бойы Гуантанамо түрмесінде қамауда болған. Ол өзінің «Әл Қаида» терроршыл ұйымына қатысы барын ақыры мойындамағаннан кейін, 2004 жылы АҚШ оны босатқан еді.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG