Accessibility links

Алматы облысында азалы күн өткізілмейтін болды


Сейсенбіні Алматы облысында азалы күн деп жариялау туралы облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданған шешімді Талдықорған қаласындағы наркодиспансердегі өрт себептерін зерттеу үшін құрылған үкімет комиссиясының өкілдері заңсыз деп мәлімдеген. Бұл туралы Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазТАГ хабарлады.

«Мұндай шешімді тек ел президенті ғана қабылдай алады», – делінген комиссия қортындысында.

Бұған дейін Алматы облыстық мәслихаты Талдықорғандағы 37 адамның өліміне соқтырған наркологиялық диспансердегі өртке байланысты қыркүйектің 14-ін облыс аумағында азалы күн деп жариялау туралы шешім қабылдаған-ды.
XS
SM
MD
LG