Accessibility links

Сотталған құқық қорғаушының анасы президентке қайырылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына сотталған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің анасы Ольга Колтунова ашық хат жазды

«Мен өз ұлыма жасалған озбырлыққа бұдан әрі төзе алар емеспін, түзету мекемелерінде заңдылықты бақылау жөніндегі арнайы прокурордан ұлым мен адвокатының сұрақтарына көкейге қонарлықтай жауап алу үшін емделіп жатқан жерімнен Астанаға келуге мәжбүр болдым.

Арнайы прокуратура сот талабының мені жапа шегуші ретінде тану мен ұлымды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы құқықтық нормаға қаншалықты сай екендігіне қатысты өтінішке көкейге қонарлықтай жауап берудің орнына жалтарма жауап берді.

Менің ұлымның мерзімінен бұрын босату туралы сотқа жасамақ болған шағымдарының салдары оған психологиялық қысым жасау мен жасырын қоңырауларға әкелуде. Оның Женевадағы адам құқықтары жөніндегі комитетке жазған хаты да жауапсыз қалды», — делінген хат мәтінінде.

Вадим Курамшин 2006 жылдың 26-қыркүйегі күні сотталған. Ол үш жылдан бері газет бетінде петропавлдық олигархтардың бірінің ар-намысына нұқсан келтірді деген айыппен отыр.
XS
SM
MD
LG