Accessibility links

Журналистерге Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық тапсырылмақ


Бүгін «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» журналистика және саяси публицистика саласындағы 2009 жылғы таңдаулы жұмыстардың үздігіне Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлықты тапсырмақ.

Бұл туралы Азаттыққа мәлімет берген аталмыш қордың жетекшісі Айдос Сарым: «Бұл жыл сайынғы дәстүрлі конкурс, биыл бұған республиканың аймақтарынан он адам қатысып отыр, 100-ден астам жұмыстар келіп түсті. Жүлденің иегерін анықтау екі кезеңнен өтеді. Кеше журналистерден құрылған қазылар тобы жұмысын бастады, бүгін қорытындысы шығарылады. Сол бойынша сыйлықтарды тапсыруға ниет білдіріп отырмыз, — деді.

Бұл сыйлықтың 2007 жылғы иегерлері: «Жас Алаш» газетінің шолушысы Жұлдыз Әбділда және «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева.

2008 жылғы сыйлық иегерлері: Азаттық радиосының бас редакторы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы және «Время» газетінің шолушысы Геннадий Бендицкий.

12 қыркүйек – Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. 2006 жылғы ақпан айында Алматыда қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан саяси қайраткер тірі болғанда биыл 47 жасқа толар едi.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG