Accessibility links

АҚШ өкілі Израиль және Палестина басшыларымен кездесуде


АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчелл тоқтап қалған бейбітшілік келіссөздерін қайта жандандыру үшін Израиль және Палестина басшыларымен кездесуде. Митчелл Иерусалимде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняхумен кездесті. Бүгін кешірек ол Батыс жағалауда Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен келіссөз өткізбек.

АҚШ Израилден басып алынған жерлерде қоныстарын кеңейтуді тоқтатуын талап етуде. Нетаняху бұл талапты орындаудан бас тартып отыр.

Палестина қоныстар салынуы толық тоқтатылмайынша келіссөз бастамайтынын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG