Accessibility links

Иран мәселесі Түркияда талқылануы мүмкін


Иран мен әлемнің алпауыт елдері арасында Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер Түркияда өтуі мүмкін. Бұл туралы Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана хабарлады. Оның айтуынша, қазанның 1-і күнгі кездесуге алғашқы рет АҚШ ресми түрде қатыспақ. Бұл келіссөздерге сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тағы басқа 4 тұрақты мүшесі - Британия, Франция, Ресей, Қытай елдері мен Германия қатысатын болады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Ян Келлидің мәлімдеуінше, АҚШ атынан кездесуге мемлекеттік хатшының саяси мәселелер бойынша көмекшісі Уиллиям Бурнс жіберілмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG