Accessibility links

Бішкекте Жовтисті қолдау шарасы өтеді


Сәрсенбі күні Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында қырғыз құқыққорғаушылары қазақстандық әріптесі Евгений Жовтисті қорғап, пикет өткізбекші. Қыркүйектің 16-ы күнгі шараны "Жемқорлыққа қарсы азаматтар" мен "Кылым Шамы" орталықтары ұйымдастырып отыр.

Сонымен қатар дүйсенбі күні Мәскеуде Қазақстан елшілігі алдында осындай пикет болып өтті. Оның ұйымдастырушылары Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісін әділ өткізуді талап етті.

Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
XS
SM
MD
LG