Accessibility links

Бушқа аяқ киім лақтырған журналист босатылды


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушқа аяқ киім лақтырып, түрмеге жабылған Ирақ журналисі азат етілді. Журналистің бауыры Удай әл-Заиди ағасы Мунтазер әл-Заидидің түрме орналасқан әскери базадан шығып кеткенін хабарлады.

Бұрын онша танымал болмаған журналист Заиди АҚШ-тың Ирақты басып алуына наразылық ретінде желтоқсан айында Бағдадта Бушқа бәтеңкесін лақтырғаны үшін арабтар әлемінде батырға айналды.

Заиди шетел мемлекетінің басшысына шабуылдағаны үшін басында 3 жылға түрмеге жабылған болатын. Кейінірек оның мерзімі қысқартылды.
XS
SM
MD
LG