Accessibility links

Ресей Грузияның жікшіл аймақтарымен әскери база жөнінде келісім жасады


Ресей Абхазия және Оңтүстік Осетиямен Грузияның бұл жікшіл аймақтарында әскери базаларын қалдыру жөніндегі келісімдерге қол қойды. Аталған келісімдерге Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен оның Абхазиялық және Оңтүстік Осетиялық әріптестері қол қойды.

49 жылдық келісімге сәйкес, Ресей әр аймақта 1700 сарбазын орналастыруға құқылы. Ресейдің әскери базалары Гудаута мен Цхинвалиде орналаспақ.

Оның алдында Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің теңіз жағалаулары бойынша директоры Виктор Труфанов Қара теңізден Абхазияға қарай рұқсатсыз аттанатын грузиялық кемелерді Ресей шекарашылары тұтқындайды деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG