Accessibility links

Молдова румыниялықтарға енгізген виза шектеулерін алып тастамақ


Молдовада президент міндетін уақытша атқарып отырған Михай Гимпу көршілес Румыния елі азаматтарына енгізілген виза талаптарын алдағы күндері жоятынын хабарлады.

Молдовадағы саяси дағдарыс ұзақ уақытқа жалғасты. Өткен аптада коммунистік президент Владимир Воронин қызметінен кеткен соң жаңа парламенттің спикері Гимпу президент міндетін уақытша атқаруға келісті.

Гимпу француз радиосына берген сұхбатында Воронин үкіметі сәуір айында сайлаудан кейінгі зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты румыниялықтарға виза шектеулерін енгізіп, заңсыз әрекет жасады деп мәлімдеді. Гимпудың айтуынша, Ворониннің қадамы барлық ЕуроОдақ азаматтарының Молдоваға визасыз баруына рұқсат ету жөніндегі парламент шешімін бұзған.
XS
SM
MD
LG