Accessibility links

Медведев 2012 жылғы сайлауға түсуі мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медедев келесі президент сайлауына өзінің түсу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Сейсенбі күні Мәскеуде Ресей сарапшыларының талқылауларында сөйлеген сөзінде Медведев "осыдан бұрын президентікке қайта түсу ниетім жоқ болатын, бірақ мен еш нәрсені жоққа шығармаймын" деп мәлімдеді.

Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Медведев Мәскеудің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын қолдамағаны үшін АҚШ-ты сынаған. Ол сондай-ақ Иран төңірегіндегі жағдай туралы айтып, Теһранға қарсы жаңа санкциялар енгізілуін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG