Accessibility links

Мамай мен Сәтпаев Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлыққа ие болды


Қазақстанда "Жас Алаш" газетінің журналисі Жанболат Мамай мен саясаттанушы Досым Сәтпаев Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлықпен марапатталды. Сейсенбі күні «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» Мамай мен Сәтпаевтың жұмыстарын осы жылы журналистика және саяси публицистика саласындағы үздік деп таныды.

Бұл сыйлықтың 2007 жылғы иегерлері: «Жас Алаш» газетінің шолушысы Жұлдыз Әбділда және «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева.

2008 жылғы сыйлық иегерлері: Азаттық радиосының бас редакторы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы және «Время» газетінің шолушысы Геннадий Бендицкий.

12 қыркүйек – Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. 2006 жылғы ақпан айында Алматыда қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан саяси қайраткер тірі болғанда биыл 47 жасқа толар едi.
XS
SM
MD
LG