Accessibility links

БҰҰ баяндамасы: Израиль Газадағы шабуылдарда халықаралық заңды бұзды


БҰҰ-ның фактілерді табу жөніндегі баяндамасына қарағанда, Израиль халықаралық гуманитарлық заңды бұзып, осыдан 8 ай бұрын Газа секторындағы шабуылдары барысында диспропорциялық түрде күш қолданған. БҰҰ тергеушісі Ричард Голдстоун журналистерге берген сұхбатында Израиль қорғаныс күштерінің соғыс қылмыстарына қатысты әрекеттер мен кей жағдайда бәлкім адамзатқа қарсы қылмыстар жасағандығы анықталды деп мәлімдеді.

Аталған баяндама Израиль күштерінің әдейі қарапайым халыққа шабуыл жасағанына және Женева конвенциясын бұзғанына дәлелдер келтірген. Израиль бұл бандаманы дереу жоққа шығарып, ол тек біржақты қамтылған және Хамастың мыңдаған зымыран шабуылдарын ескермеген деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG