Accessibility links

Ресей АҚШ-тың мүддесіне қауіп төндіруге қабілетті елдердің қатарында аталды


АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі Ресейді Құрама Штаттар мүддесіне қауіп төндіруге қабілетті елдердің қатарына қосты.

Бұл туралы жасалған баяндамада: «Кейбір мемлекеттер АҚШ мүддесіне әскери күштер мен шпионаж немесе қазіргі заманғы кибероперациялардың көмегімен қауіп төндіруге қабілетті», — делінген.

Ұлттық барлау қызметі АҚШ-тың негізгі әлеуетті дұшпандары ретінде Иран, Солтүстік Корея мен Қытайды атайды.

«Ресей ядролық қалдықтарды пайдалану, ядролық терроризм сияқты маңызды бастамалардағы серіктесі болып табылады, сонымен бірге РФ АҚШ мүддесін жүзеге асыруға ықпал етуге өз күшін қарастыруды жалғастыруда», — делінген баяндамада.

Ұлттық барлау қызметінің бастығы Дэннис Блэрдің пікірінше, Ресей мен Қытайдың кибершабуылдар арқылы қауіп төндіру мүмкіндігі көптеу көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG