Accessibility links

Өртенген наркодиспансердің тағы бір емделушісі көз жұмды


Талдықорғандағы наркологиялық диспансердің емдеу-сауықтыру ғимаратында жексенбі күні болған өрттің салдарынан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті. Жергілікті аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан екі азаматтың бірі қыркүйектің 15-інде қайтыс болды. Өрттен кейін 10 адам жергілікті ауруханаға түскен болатын. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр болғандықтан жан сақтау бөліміне жіберіліп, қалғандары травматологияға жатқызылған.

«Диспансердің емделушілері бұған дейін есірткіге тәуелді болғандықтан ішкі құрылыстары зақымданған, сол себепті де бұл ауруларға көмектесу қиынға соғып жатыр», – деген еді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Ғимарат қыркүйектің 13-і күні таңсәріде өртенген. Өрт шыққан уақытта емдеу мекемесінде 72 адам болған екен. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішіндегі кейбір науқастар терезенің әйнегін шағып, сыртын құрсаған темір торды сындырып шығып, тірі қалған.

150 орынға арналған бір қабатты наркологиялық диспансердің ғимараты 1951 жылы салынған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG