Accessibility links

Андрей Свиридов: Жовтиске үкім Бақанаста емес, «Ақордада» шығарылған


Бүгін Алматыдағы Арбат алаңында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридов құқық қорғаушы Евгений Жовтисті қорғап, оған әділ үкім шығарылуын талап ету мақсатында өткен аптада Виктор Ковтуновский бастаған наразылық акциясын жалғастырмақ.

Бұл туралы мәлімдеме жасаған ол: «Мен 2-3-қыркүйек күндері Жовтистің ісі бойынша Бақанаста өткен сот отырыстарына қатыстым. Бұл жазалаушы орган сот деген атауға лайық емес. Сотталушы алғашқы минуттан-ақ Конституция кепілдік берген құқынан айырылды, сот процесі салған беттен саяси сарындағы айыптаудың пайдасына қызмет етіп, сотталушы құқы ғана емес, сот ісінің қалыпты формасы да бұзылды. Сондықтан да құқық қорғаушының үкімі Бақанаста емес, тіпті Талдықорғанда да емес, Астанада, «Ақордада» шығарылғаны түсінікті», — деді.

«Орын алған заңсыздықтың мақсаты — дүние жүзіне танымал құқық қорғаушыны қоғамнан алшақтату. Өйткені оның сөздері ЕҚЫҰ-ның төрағалығы үшін «ақордашылар» жасаған елдің жағымды бет-бейнесін жоққа шығарады. Бірақ шенеуніктер есептен жаңылысты, төраға-мемлекеттің демократиялық имиджі Евгений Жовтиске, Тохнияз Кучуков пен Рамазан Есіргеповке әділетсіз үкім шыққан кезде-ақ күл талқан болған еді», — дейді Андрей Свиридов.
XS
SM
MD
LG