Accessibility links

Мемлекеттік тілін менсінбейтіндерге «Мәңгүрт» атағы беріледі


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуының 20 жылдығына орай «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізіледі. Акция қазақ тілінің бүгінгі сын көтермес жағдайына алаңдаушылық білдіруден туындап отыр, — дейді шараны ұйымдастырушылар.

Акция барысында билік басындағыларға ашық хат жолданатынын айтқан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов акцияға қазақ тілінің мәселесін шешуге құзыры бар орындардың шақырылғанын айтады. Сондай –ақ, Мұхтар Шахановтың айтуынша, өткізілгелі отырған шара аясында өзінің мемлекеттік тілін менсінбейтін белгілі бір тұлғаларға «Мәңгүрт» деген атақ беріледі.

Аталған шара 20-қыркүйек күні сағат 12.00-де Республика сарайында өткізіледі.
XS
SM
MD
LG