Accessibility links

ҚР қорғаныс министрі НАТО бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті


Қазақстанда басталған «Дала қыраны-2009» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығулары аясында ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков НАТО бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі арнайы өкілі Роберт Симмонспен кездесті, —деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әңгіме барысында Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі талқыланды. Р.Симмонс Қазақстан басшылығына НАТО саммитінде қабылданған Ауғанстанның ұзақ мерзімді қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге кешенді қарау туралы, экономикалық, гуманитарлық және техникалық көмекті күшейту туралы шешімді қолдағаны үшін алғыс білдірді», — делінген хабарламада.
XS
SM
MD
LG