Accessibility links

Қырғызстандық құқық қорғаушылар Евгений Жовтиске әділетті үкім талап етуде


Бүгін қырғызстандық құқық қорғаушылар Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдына пикетке шығып, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтиске әділетті үкім талап етіп, наразылық акциясын өткізді.

Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген Қырғызстандағы «Азаматтар жемқорлыққа қарсы» құқық қорғау ұйымының директоры Төлекан Исмаилова: «Бүгін өткізген наразылық акциясына біз екі талаппен шықтық. Біріншісі, Жовтисті қорғауды әділетті сотпен қамтамасыз ету, өйткені билік құрылымдары тарапынан көптеген заң бұзушылықтар орын алды және құқық қорғаушының да, адвокатының да өтініш хаттары қабылданған жоқ, бұл істе саяси сарынның бары осыдан көрінеді. Екінші талап ретінде ел ішінде адам құқының бұзылуына жол беріп отырған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа құқы жоқ дегенді айттық. Бұл талаптарымызды жазбаша түрде елшінің кеңесшісі Талғат Жолдасов арқылы Қазақстан елшісінің атына жолдадық», — деді.
XS
SM
MD
LG