Accessibility links

Теһранда палестиналықтарды қолдау шарасы өтпек


Иран оппозициясының жетекші тұлғалары жұма күні палестиналықтарды қолдау шеруіне қосылатындарын мәлімдеді.

Реформашыл бұрынғы президент Мохаммад Хатами мен маусым айындағы даулы сайлауға түскен үміткерлер Мир Хоссейн Мусави және Мехди Карруби жұма күнгі шеруге қатысатындарын хабарлады.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей бұл шеру үкіметке қарсы наразылық шарасына айналып кетпесін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG