Accessibility links

"Алға" мәңгілік президент туралы ұсынысты сынады


Оппозициялық "Алға" партиясы "Нұр Отан" партиясының "Ұлт көшбасшысы" туралы заң қабылдау жөніндегі ұсынысын сынады. Бұл ұсынысқа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру мәселесі қарастырылмақ.

"Осы және осыған ұқсас басқа да бастамалардың саяси мақсаты Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табынушылықты тезірек құру арқылы қазіргі саяси жүйені қатайту екеніне күмән жоқ", - делінген "Алға" партиясының сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде.

Оның алдында тағы басқа оппозициялық партиялар "Ұлт көшбасшысы" туралы заң қабылдау жөніндегі ұсынысқа қарсы екендіктерін мәлімдеді. Алайда сенатта бұл идеяға қолдау білдірілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG