Accessibility links

АҚШ өкілі мен Израиль премьері келіссөздерін жалғастырмақ


АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчелл мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху қоныстардың кеңейтілуін тоқтату жөніндегі келісімге байланысты келіссөздерін жұма күні жалғастырмақ.

Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимдегі басып алынған жерлерде еврейлердің қоныстарын кеңейтуді тоқтату жөніндегі келісім бейбітшілік келіссөздерін қайта бастау үшін маңызды боп табылады.

АҚШ президенті Барак Обама осы айдың аяғында БҰҰ бас ассамблеясы барысында Нетаняху мен Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббастың саммитке қатысуын қалайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG