Accessibility links

Жапонияның жаңа премьері алдағы аптада АҚШ-қа барады


Жапонияның жаңа премьер-министрі Юкио Хатояма АҚШ-пен арада сенімділік негізінде қарым-қатынастар орнатуды қалайтынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні премьер-министр етіп тағайындалған Хатояма алдағы аптада АҚШ-та президент Барак Обамамен кездеспек.

Хатояманың Демократиялық партиясы өткен айдағы сайлауда 50 жылдан астам уақыт билікте отырған консервативті Либералды демократиялық партиясын жеңген болатын.

Хатояма сондай-ақ Жапония Азия елдерімен әсіресе Қытаймен тығыз байланыс орнататын болады деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG