Accessibility links

Қытай лаңкестікке қатысы бар деген айыппен 6 адамды тұтқындады


Қытайдың Шыңжаң аймағындағы полиция "лаңкестік" шабуылдарды ұйымдастырмақшы болды деген күдікпен 6 адамды тұтқындады.

Қоғам қауіпсіздігі министрлігінің мәлімдемесінде күдіктілер өткен айда елдің оңтүстік-батысындағы Үрімжіден 675 шақырымдағы Аксу қаласының шетінде қамауға алынды делінген. Таяуда Шыңжаң аймағында этникалық толқулар орын алған болатын.

Министрліктің мәліметінше, тұтқындалған топтың жетекшілері деп күдіктелгендердің аты-жөні Сейтамут Обул және Тасин Мехмут. Бұл мәлімдемеде әлгі азаматтардың ұлты жарияланбады бірақ олар ұйғырлар болуы мүмкін.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG