Accessibility links

Журналист Свиридовтың ісі сотқа тапсырылды


Тәуелсіз журналист Андрей Свиридовтың ісі Алматы әкімшілік сотына тапсырылды.

Сәрсенбі күні Арбат алаңында наразылық акциясын өткізген Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридовті полиция ұстап әкеткен болатын.

Қолына «Евгений Жовтиске әділетті сот талап етемін» деген жазуы бар плакат ұстап, үстіне «Бүгін Жовтис, ертең сіз» деген жазуы бар көйлек киіп пикет өткізген Андрей Свиридовті полиция Әкімшілік кодексінің 373 -бабы негізінде хаттама толтырып, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына алып кеткен еді.

Андрей Свиридовқа қатысты сот бейсенбіге белгіленді.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған-ды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG