Accessibility links

Андрей Свиридовтің ісі сотта қаралады


Бүгін Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридовтің әкімшілік ісі қаралады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің ісіне қатысты соттың әділ өтуін талап етіп, қолына «Евгений Жовтиске әділетті сот талап етемін» деген жазуы бар плакат ұстап, үстіне «Бүгін Жовтис, ертең сіз» деген жазуы бар көйлек киіп пикет өткізген журналист Андрей Свиридовті сәрсенбі күні Алматының Арбатында наразылық акциясын өткізгені үшін полиция ұстап әкеткен болатын.

Ал халықаралық дәрежеде әділетті сот талап етіліп отырған құқық қорғаушы, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 -қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған-ды.
XS
SM
MD
LG