Accessibility links

Мемлекет басшысы Ақселеу Сейдімбектің отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қаламгер, этнограф -ғалым, Ақселеу Сейдімбектің кенеттен өмірден озуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

«Ұлт руханиятының үлкен жанашыры әрі шынайы жоқтаушысы болған ардақты азаматтың еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз әрдайым жүрегінде сақтайды деп сенемін», — делінген президенттің жеделхатында.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақселеу Сейдімбек сейсенбінің түнінде, 67 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Жазушымен қоштасу жұма күні өзі өмірінің соңғы жылдары еңбек еткен Еуразия ұлттық университеті ғимаратында Күлтегін ескерткішінің маңында болады. Ақселеу Сейдімбек өзінің туған жері Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданының Атасу ауылына жерленеді.
XS
SM
MD
LG