Accessibility links

Қазақ тілінде бірнеше интернет сайттары ашылды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, интернет кеңістігінде жаңадан «Мінбер», «Назар», «Дайджест», «Замандас» атты қазақ тіліндегі сайттар ашылды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ашылған сайттардың мақсаты — қазақ тілді интернет журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекені арттыру. Олардың қозғайтын тақырыптары көбінесе тіл, дін және ұлт мәселесі.

Ал қазанның 1-інен бастап жұмыс істейтін «Алтын орда» интернет-сайтының негізгі жұмысы — қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызықты ақпараттарды орыс және басқа тілдерге аудару.

Халықтың қазақ тілді ақпаратқа сұранысы өсіп келе жатқандығын айтып өткен сарапшылар сайттарды көбінесе 17 мен 25 жас аралығындағы Алматы және Астана қаласының тұрғындары қарайды деді.
XS
SM
MD
LG