Accessibility links

Шприц инесімен шабуылдаған 4 ұйғыр түрмеге жабылды


Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Үрімжі қаласында қытайлық хан әйеліне шприц инесімен шабуылдағаны үшін 4 ұйғыр азаматы бүгін түрмеге жабылды.

Үрімжі соты бұл азаматтарды 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. 4 ұйғыр азаматына жерасты өткелінде бір әйелдің мойнына шприц инесімен шабуылдады деген айып тағылды. Айыпталушылар мұны жоққа шығарып, шағымданатынын айтып отыр.

Қыркүйектің басында Үрімжіде шприц инесімен бірқатар шабуылдар жасалды деп хабарланған болатын. Бұл уақытта аймақтағы қытайлық хан өкілдері мен ұйғыр мұсылмандары арасындағы теке-тірес өрши түсті. Шілде айында орын алған этникалық толқуларда шамамен 200 адам өлтірілген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG