Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан бірнеше адам құрбан болды


Ауғанстан астанасы Кабулда орын алған жарылыстан 6-ға жуық адам қаза болды. Күәгерлердің айтуынша, бұл шабуыл халықаралық күштердің италиялық сарбаздарының көлігіне жасалған.

Италия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, құрбандардың арасында италиялық жауынгерлер болған. Бірақ нақты қанша сарбаздың қаза тапқандығы айтылмады. Хабарларға қарағанда, Кабулдағы жарылыстан құрбан болғандардың кемінде екеуі қарапайым ауған азаматтары. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, бұл шабуылды жанкешті кісі жүзеге асырған.
XS
SM
MD
LG