Accessibility links

Ресей-Грузия қауіпсіздік келіссөздері жалғасуда


Грузия мен Ресей бүгін Женевада қауіпсіздік келіссөздерін қайта бастайды деп күтілуде. Бұл келіссөздер Кавказ аймағында қақтығыстың алдын-алуға бағытталып отыр.

Өткен жылдың тамыз айында екі ел арасында Оңтүстік Осетияға байланысты соғыс орын алған болатын. Осы қақтығыстан кейін Мәскеу Грузияның екі жікшіл аймағын, яғни Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындады. Тбилиси мұны жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG