Accessibility links

Кабулдағы жанкештілік шабуылдан 16 адам опат болды


Ауғанстан астанасы Кабулда орын алған жанкештілік жарылыстан 10 ауған азаматы мен 6 италияндық сарбаз қаза тапты.

НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштері бұл хабарды растады. Италия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдан сондай-ақ 4 италияндық сарбаз жарақат алған. Ауғанстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал Захир Азимидің айтуынша, кемінде 10 қарапайым азамат құрбан болып, 50-ден аса адам жараланған.

Жарылысқа байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG