Accessibility links

Пентагон зымыраннан қорғаныс жоспарын жетілдірмек


Пентагон Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына қатысты ірі түзетулер жасап жатқанын хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джеофф Моррелдің бұл мәлімдемесінің алдында Чехия премьер-министрі Ян Фишер Вашингтон Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөлігін орнату жоспарынан бас тартады деген болатын.

Моррелл нақты қандай өзгеріс болатынын айтпады бірақ ол Иран ұзақ қашықтыққа жететін зымырандарды дамытуын баяулатқандықтан бұл жоба жүзеге аспайды деп атап көрсетті.

АҚШ-тың Чехияда радар, ал Польшада зымырандарды жоятын жүйесін орнату жоспарына Ресей қарсы болған еді. Бұл жобаны бұрынғы президент Джордж Буш бастаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG