Accessibility links

Журналист Свиридов айыппұл төлеуі тиіс


Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты журналист Андрей Свиридовқа рұқсат етілмеген наразылық шарасын өткізгені үшін әкімшілік жаза ретінде 12 мың 730 теңге айыппұл төлеу туралы шешім шығарды.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридовтың әкімшілік ісі бейсенбі күні қаралды. Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің ісіне қатысты соттың әділ өтуін талап етіп пикет өткізген журналист Андрей Свиридовті полиция ұстап әкеткен болатын.
XS
SM
MD
LG