Accessibility links

Могадишода жанкештілік жарылыстан кемінде 9 адам қаза тапты


Сомалидегі исламшыл бүлікшілер Могадишо әуежайы алдында екі көлікті жарып жіберіп, африкалық бітімгершілік күштерінің кемінде 9 өкілін өлтірді. БҰҰ-ның белгісі бар екі машина Африка Одағы бітімгершілік күштері миссиясының базасына кіре берісте жарылды. Көліктердің ішінде Бурунди мен Уганда күштері болған.

Уганда әскерилерінің хабарлауынша, құрбан болғандардың арасында Африка Одағы миссиясы қолбасшысының орынбасары бар. Бұл шабуылдан сондай-ақ Уганда генералы Натан Мугиша жарақат алған.

Әл Шабаб исламшыл тобының баспасөз хатшысының айтуынша, бұл жанкештілік шабуылдар Салах Әли Набханның өліміне байланысты кек алу мақсатында жасалған. Набхан дүйсенбі күні Сомалидің оңтүстігінде АҚШ арнайы күштерінің рейді барысында өлтірілген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG