Accessibility links

Обама мен Гейтс АҚШ-тың жаңа жоспарын жариялады


АҚШ зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты жоспарын өзгертіп, жетілдірмек. Бұл туралы президент Барак Обама бейсенбі күні Вашингтонда өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам АҚШ пен оның одақтастарын Иранның зымырандық шабуылдарынан жақсырақ қорғау үшін жасалмақ. Зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейге қарсы бағытталмаған деп атап көрсетті Обама.

Ал АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс жаңа жоспарда Еуропада SM-3 зымырандарын орналастыру қамтылған деп хабарлады. Гейтстың мәлімдеуінше, бұл мәселе жөнінде Чехия және Польша елдерімен кеңесулер басталған.
XS
SM
MD
LG