Accessibility links

Қорғаныс министрі сценарийін жазған детективтің тұсауы кесілмек


Бүгін Астанада «Прыжок Афалины» атты шым-шытырық оқиғалы детективтің премьерасы көрсетіледі, — деп хабарлайды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Қазақфильм» мен «Медетфильм» киностудиялары бірігіп түсірген бұл фильм Қазақстан мен Ресейдің ІІМ-нің екі офицері туралы болмақ. Мәскеу, Анапа, Алматы, Астана, Ақтау мен Талдықорған сияқты алты қалада түсірілген фильмге сценарийді Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жазыпты.

Рөлдерді танымал актерлер Фархад Аманқұлов, Дарья Мороз, Азиз Бейшеналиев, Михаил Жигалов, Байкал Бельбаев, Ерік Жолжақсынов, Константин Стрельников, Константин Миловановтар сомдаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG