Accessibility links

Орталық Еуропа елдерінің ІХ зияткерлік олимпиадасы басталады


Қыркүйектің 20-да Прага қаласында Орталық Еуропа елдерінің ІХ зияткерлік олимпиадасы басталады. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған Қазақстанның спорт шебері, Тоғызқұмалақ федерациясы жетекшілерінің бірі Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазақстандық тоғызқұмалақшылар кезекті зияткерлік ойындар олимпиадасы барысында еуропалық мектеп оқушыларына тоғызқұмалақ сияқты зерде ойынының қыр-сырын үйретіп, семинар өткізбек.

Еуропа елдерінде өтетін тоғызқұмалақ жарысына Қазақстаннан тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев пен спортшылар Жанат Қаймолдин мен Алмагүл Тәкішева қатысады.
XS
SM
MD
LG