Accessibility links

«Алға» партиясының Батыс Қазақстан филиалы Евгений Жовтисті қорғау мақсатында үндеу жолдады


4 жылға сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтисті қорғау акциясы Алматы қаласымен шектелмей, басқа да облыстарда жалғасын тапты.

Тіркелмеген «Алға» партиясының Батыс Қазақстан филиалы Евгений Жовтисті толығымен ақтап, босатуды талап етіп, дөңгелек үстел өткізді.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 -қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған-ды.

«Арасында 20 халықаралық бақылаушысы бар 50 адам «балқаштық сот төрелігінің» куәсі болды. Евгений Жовтистің заңдық тұрғыдан кінәсіздігінің дәлелдерін есепке алмаған сот, айыпталушыға қатысты заңды өрескел бұзды. Біз құқық қорғаушының толығымен ақталуын талап етеміз», — делінген үндеу мәтінінде.

Бұл үндеу қол қойылып біткен соң Қазақстанның президентіне, Бас прокурор мен құқық қорғау ұйымдарына жіберіледі.
XS
SM
MD
LG