Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 25-ке жуық адам құрбан болды


Пәкістанның солтүстік-батысында орын алған жарылыстан 25-ке жуық адам қаза тапты. Ауғанстанмен шекаралас Кохат қаласындағы жарылысты жанкешті кісі жүзеге асырған болуы мүмкін.

Аудан әкімі Саид Мехтабул Хассанның мәлімдеуінше, қонақ үйі жанында болған бұл шабуылдан сондай-ақ бірнеше адам жарақат алған. Жарылыстан бірнеше көлік пен дүкендер қираған. Ал бейсенбі күні осы аймақта орын алған жарылыстан 6 адам жараланған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG