Accessibility links

Ахмадинежад: Холокост ойдан шығарылған


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад холокостты ойдан шығарылған аңыз деп сипаттады. Ол Израилді құру үшін жасалған өтірік сылтау деп мәлімдеді Ахмадинежад.

Бұл туралы Иран президенті елде жыл сайын өтетін палестиналықтарды қолдау шарасында сөйлеген сөзінде айтты. Ахмадинежад сондай-ақ Батыс елдері Израилге байланысты екіұшты стандарт қолданады деп атап көрсетті. Оның айтуынша, сионист режимі кез келген әрекет пен қылмыс жасай алады, ал Иранның кіші қадам жасауына шектеу қойылады.

Осыдан төрт жыл бұрын Ахмадинежад Израиль картадан жойылуы тиіс деп мәлімдеген болатын. Оның бұл мәлімдемесі халықаралық қауымдастықтың наразылығын туғызған-ды.
XS
SM
MD
LG