Accessibility links

Берлускони: Шетел күштері Ауғанстаннан шығарылуы тиіс


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони халықаралық күштер таяу арада Ауғанстаннан шығарылса жақсы болады деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Кабулда орын алған жарылыстан италияндық сарбаздардың алтауын қаза тауып, төртеуі жарақат алған болатын. Сондай-ақ бұл шабуылдан 10 қарапайым ауған азаматы құрбан болды.

Берлускони шетел күштерін Ауғанстаннан шығару мәселесіне қатысты кез келген шешім одақтас елдермен бірге жасалады деп атап көрсетті.

Ауғанстанда зорлық-зомбылық әрекеттері осы жылы рекордтық деңгейге жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG