Accessibility links

Иранның бұрынғы президентіне шабуыл жасалды


Жұма күні Теһранда өткен шерулерде Иранның бұрынғы реформашыл президенті Мохаммад Хатамиге шабуыл жасалды деп хабарланды. Күәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылар Хатамиді жерге құлатқан бірақ оқиға болған жерге оппозиция белсенділері жетіп келіп, бұрынғы президентті құтқарған. Хатамидің бауыры Мохамад Реза Хатамидің айтуынша, бұрынғы президент жараланбаған.

Иранда жыл сайын өтетін палестиналықтарды қолдау шеруінде оппозицияның мыңдаған қолдаушысы үкіметке қарсы үндеулер айтқан. Хабарларға қарағанда, оппозиция қолдаушылары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс орын алған.

Хатами маусым айындағы даулы президент сайлауынан кейінгі саяси дағдарыста оппозицияны қолдаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG